2.3-кіші құрамдауыш - Факторингті стратегиялық бағалау.

2 -құрамдауыштың және 2.3. - кіші құрамдауыштың мақсаты

2-құрамдауыштың мақсаты: Қолданыстағы және жаңа бәсекеге қабілетті секторларда ШОК байланыстары мен бірігуінің орнауына көмектесу үшін реттік негізді енгізу.

«Бәсекеге қабілетті сектордағы ШОК өзара байланыстары» жобасының 2-құрамдауышы 2.3-кіші құрамдауыш - Факторингті стратегиялық бағалау.


2.3-кіші құрамдауыштың мақсаты мен міндеттері

  1. 2.3 кіші құрамдауыштың мақсаты: Қазақстандағы факторинг пен кері факторингті дамыту әлеуетін жан-жақты бағалауды іске асыру.
  2. Қазақстандағы ішкі жеткізу арналарын пайдалана отырып, жеткізулермен айналысатын ШОК-та капитал жетіспеушілігінің және қарыз алу үшін кепілмен қамтамасыз етудің болмауы, төлемдерді кешіктіру, әсіресе, ірі компаниялар тарапынан кешіктіру, коммерциялық тұрақсыздық және өнім берушілердің жеткізілімдерді кредитке іске асыруға дайын болмауы проблемалармен бетпе-бет келеді.
  3. Жоба ұсынылған есепшоттар негізінде, сондай-ақ Қазақстанның тиісті заңнамасы негізінде ШОК қаржыландыру құрылымының егжей-тегжейлі стратегиялық талдауын болжайды.
  4. Талдау процесінде жергілікті талаптар тұрғысынан болжамды факторингтік платформаның оңтайлы құрылымы қарастырылады, жалпы Қазақстандағы жеткізу арналарын қаржыландыру нарығына, бағдарламаны іске асыруға тартылуға тиісті қаржылық ұйымдарға, платформаны басқару құрылымы мен инвестициялық тетікке, экономиканың неғұрлым перспективалы салаларына, платформаның орналасуына, сондай-ақ оның қатысушыларын дайындауға, олардың әлеуетін арттыруға қойылатын талаптарға бағалау жүргізіледі.
  5. Жобаның аясында құрылатын платформаның дизайны факторингтік қаржыландыру сұлбасында пайдаланылатын озық әдістерді іске асырады.
  6. Жоспарланып отырған техникалық қолдау Перудегі ұқсас проблемаларды шешу үшін Дүниежүзілік банк әзірлеген сұлбаға негізделеді. «Факторинг» ретінде танымал сұлба (дебиторлық берешекті дисконттау) қаржылық құрылым мен технологиялық платформаны пайдаланады, ол төлем есепшоттарын кепілдік қамтамасыз ету ретінде қарастыра отырып, осылайша:
    • көптеген ШОК жабдықтайтын ірі компаниялардан дебиторлық берешекті сатып алуға мүмкіндік береді,
    • ШОК есепшоттарын ірі компанияларға қаржыландыруға мүмкіндік береді
    • ШОК пен қаржылық мекемелердің арасындағы есепшоттарды тиімді тәсілдермен қаржыландыруға мүмкіндік береді.
  7. Осылайша, бұл сұлба сауданы неғүрлым тұрақты ете отырып, ШОК ірі компаниялардан алуы мүмкін кредит беру көлемін ұлғайта отырып, ШОК-қа дебиторлық берешекті дисконттауға мүмкіндік бере отырып, қаржыландыруға қол жеткізу мәселесін жеңілдетуге көмектесе отырып, әсіресе ШОК бетпе-бет келетін айналым капиталын қаржыландыруға қол жеткізе отырып айналымдағы капиталды босатады. Бұл сұлба сондай-ақ өнім берушілер мен қаржылық жүйе сияқты өзге мүдделі тараптарға да пайда алып келеді және банктік қызмет көрсетуді пайдаланбайтын ХШОК үшін қаржылық қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтуге өз үлесін қосуға қабілетті.
  8. Іріктеп алынған сарапшылар командасы техникалық-экономикалық жүзеге асырылуын дайындап, факторингтік платформаны іске асыру үшін «жол картасы» мен операциялық сәулетті құруға мүмкіндік беретін барлық қажетті құжаттаманы қамтамасыз етеді.
  9. Техникалық-экономикалық жүзеге асырылуы басқалармен қатар мыналарды:
  10. - Қазақстандағы нарық мөлшерін,

    - қандай қаржылық мекемелер қатысуға қызығушылық танытатынын,

    - платформа мен инвестициялық тетікті басқару құрылымын,

    - табыс мүмкіндігі ең жоғары секторды,

    - платформаның орналасқан орнын,

    - салықтарды,

    - реттеушілік және заңды тұрғыда орындалуын,

    - тартылған мекемелердің платформаны басқару қабілетін,

    - оқытуға және жүйені пайдаланып, қолдануға арналған әлеуетті нығайтуға қойылатын талаптарды,

    - жобаның егжей-тегжейлі жоспарына негізделген бағдарламаны ашу кестесін,

    - платформаны орнатуды бағалайды.

  11. Жобаның аясында құрылатын және орнатылатын платформаның арқасында мынандай проблемалар шешіледі:
    • платформада есепшоттарды тіркей отырып, ШОК ресми түбіртек алады және сатып алушы есепшоттың алынғанын теріске шығара алмайды және дауға арналған бір ғана арна-платформа болады. Нәтижесінде, сатушы борышкер туралы ақпаратты оңай жинай алады. Төлем кезіндегі борышкердің іс-әрекеті мен даулары туралы ақпаратты өнім берушілер пайдаланады. Бұл ШОК үшін сауда-саттыққа сенімділік береді.
    • төлем есепшотын тіркелген кепіл қамтамасыз етуге ауыстырғаннан кейін есепшоттың жеңіл растауын қамтамасыз ете отырып, есепшоттың төленгені туралы білуге кепілдік бере отырып, бір ғана қаржыландырушы институттың кепілден пайда алуына жол бере отырып, төлем есепшоты бағалы кепілдік қамтамасыз етуіне айналады. Нәтижесінде ШОК қолма-қол ақшамен төлем есебіне оңай айырбастау мүмкіндігіне ие болады және сатып алушылардан төлемдерді кешіктіру нәтижесінде сатушы үшін туындайтын проблемалар де қысқара түседі.
    • ШОК үшін саудадағы сенімділікті және айналымдағы капиталды қаржыландыруға қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып бұл ШОК кредит қабілеттілігінің сапасын арттырады және олардың сатып алған заттары мен сатылымдарына неғүрлым көбірек сенімге ие боламыз. ШОК-қа кредит беретін ДБ немесе ҚРҮ компанияларды қолдау көрсету катализатор болады.
    • платформа өнім өндірісі мен жеткізулер бойынша төлемдер тұрғысынан ШОК сенімділігі туралы шынайы ақпаратты жинайды. Кредит төлеу қабілетінің озық сапасы ШОК қарыз бен лизинг сияқты қаржыландыру нысандарына кеңінен қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады.
    • сауда ағындары қатысушы институттар, банктен тыс қаржыландыру ұйымдары мен кредиттік біліктілігі неғүрлым төмен банктер арқылы өтпейтін болғандықтан (есепшоттарды қаржыландырудың тиісті дағдылары бар) олар тең дәрежеде платформада әрекет ете алады.
    • ҚРҮ құнды құру тізбегіндегі борышкерлерге тікелей мақсатты қаржылық қолдауды бағыттауға қабілетті.
  12. Қазақстан үшін оңтайлы факторинг моделіне бағалауды жүзеге асыру үшін консультациялық компанияны/консультанттарды іріктеу үшін ЖІТ тиісті техникалық тапсырмасынәзірлейтін және онымен келісетін болады.
  13. Міндеттің күрделілігін ескере отырып, техникалық тапсырманы әзірлеу үшін қосымша консультант тартылуы мүмкін.
FaLang translation system by Faboba