2-құрамдауыш: Бәсекеге қабілетті сектордағы ШОК өзара байланыстары

2 -құрамдауыштың және 2.2. - кіші құрамдауыштың мақсаты

2-құрамдауыштың мақсаты: Қолданыстағы және жаңа бәсекеге қабілетті секторларда ШОК байланыстары мен бірігуінің орнауына көмектесу үшін реттік негізді енгізу.

«Бәсекеге қабілетті сектордағы ШОК өзара байланыстары» жобасының 2-құрамдауышы 2.2-кіші құрамдауыш - Бәсекеге қабілетті секторлар.


2.2-кіші құрамдауыштың мақсаты мен міндеттері

  • қосымша құ көрсеткіштері неғүрлым жоғары өндірісті дамытуға және экономиканың шикізаттық емес салаларында ШОК бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қолдау көрсету.
  • Осы кіші құрамдауыш әлемдік деңгейде әлі де бәсекеге қабілетті емес, бірақ нарықтық өсу әлеуетіне ие Қазақстанның экономика салаларындағы ШОК-ң нарықтық байланыстарын кеңейтуге бағдарланады.
  • Жоба шеңберінде озық тәжірибені енгізе алатын әлемдік деңгейдегі кластерлерді дамыту тобы құрылып, іріктеп алынған кластерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қамтамасыз етіледі. Құрылған әлеует пен алынған тәжірибені кейіннен басқа кластерлерге қолдануға болады.
  • Осы мақсатта Жоба шеңберінде Қазақстанның индустриалды- инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ) аясында оның кластерлерді дамыту бағдарламаларын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ИДМ) жанындағы «Қазақстандық индустриалды даму институтының» (ҚИДИ) институционалдық әлеуетін күшейту іске асырылады.
  • Жоба шеңберінде осы кіші құрамдауыш бойынша мыналар қаржыландырылады:
    • кластерлерді дамыту бағдарламасын іске асырумен ҚИДИ мамандар тобын оқыту және жабдықтау
    • нақты саланың ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қолдау көрсету үшін ҚИДИ-гезаманауи талдамалық және техникалық құралдарды ұсыну,
    • Бағдарламаға қатысатын басқа мемлекеттік лауазымды тұлғалар мен жеке бизнес өкілдерінің әлеуетін өсіру.
    • Жобаны жүзеге асыру мерзімінде өңірлердегі алты кластер бойынша кластерлерді дамыту бағдарламасын іске асыруға қолдау көрсету
  • Өңірлер мен кластерлерді іріктеу, нарықтық талдау және мемлекеттік мамандар мен жеке бизнес өкілдерімен кеңес деректерін, сондай-ақ Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оны әртараптандыру (ҚЭБАӘ ТК) саласындағы техникалық көмек шеңберінде орындалған жұмысты ескере отырып жүзеге асырылады.
  • Осы құрамдауыш арқылы іске асырылатын кластерлерді дамытуға және өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін дамытуға қатысты ұстаным жергілікті және өңірлік деңгейде әрбір саланың өндірістік-тұрмыстық тізбегін мұқият зерттеуге негізделеді.
  • Алынған нәтижелер мен қорытындылар құнның барлық құрылу тізбегін, түпкілікті нарықтағы мүмкіндіктерін, шағын және орта кәсіпорындардың, ірі кәсіпорындардың рөлдерін, бәсекеге қабілеттілікті арттыру мүмкіндіктері мен шектеулерін дұрыс түсінуді қамтамасыз етуге көмектеседі.
  • Осы құрамдауыш Қазақстан Республикасы Үкіметіне (орталық, өңірлік және жергілікті деңгейлер), жеке секторға және өзге тиісті мекемелерге (университеттер, ғылыми-зерттеу орталықтары және т.б.) кластерлердің бәсекеге қабілеттілігін ұлғайтатын іс-шаралар жоспарын бірге әзірлеуге және жүзеге асыруға көмектеседі.
  • Мемлекеттік жекешелік диалог және үкіметішілік үйлестіру талдамалық нәтижелерді таратудың қарапайым құралы ғана болып қалмай, барлық тарапты осы процеске қатыстыруға кепілдік береді.
  • Кластерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі іс-қимыл жоспарларының дизайны шектеулерді анықтайтын және әлеуетті мүмкіндіктерді бөліп көрсететін түрлі техникалық және талдамалық құралдарды пайдаланатын болады.
  • Шешімдер нарықтық қағидаттарға негізделеді және Қазақстанның салыстырмалы түрдегі артықшылықтарын (немесе салыстырмалы және бәсекелестік артықшылықтарды дамыту әлеуетін) күшейте түседі.
  • Үкіметке мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу кезінде өнеркәсіп бойынша мониторинг пен іс-қимыл жоспарларын бағалау нәтижелерін ескеруге мүмкіндік беретін эмпириялық түрде негізделген өнеркәсіп саясатын енгізу тетіктері іске асырылатын болады.
  • Кластерлерді дамыту бағдарламасы ИИДМБ шеңберінде кластерлердің бағдарламаларын дамытуға және оларды енгізуді бақылауға уәкілетті ҚИДИ–да орналастырылады.
  • ҚИДИ өнеркәсіптің бәсекеге қабілетті салаларын және кластерлерді дамытуда техникалық сараптамалық білімдері бар, сондай-ақ табысты кооперация және барлық процеске қатысушылардың сұхбатын ұйымдастыруда тәжірибесі бар кәсіпқойлардың командасын құрады. Бұл команда түрлі мүдделі тараптармен жұмыс істеуге және кластерлердің бағдарламаларын енгізу кезінде атқарушылық агенттікке барлық мүмкін шешімдерді ұсынуға уәкілетті болып табылады.

  • 2-Параграф. Ұстанымдарды әзірлеу, өңірлер мен кластерлердің басымдықтарын белгілеу

  • Жоба шеңберінде Қазақстанға лайықты озық халықаралық тәжірибені қолдана отырып, өнеркәсіптік бәсекеге қабілетті салаларды (қосалқы сектор) дамыту және осы қосалқы салалардағы ШОК өсуі жөніндегі кешенді тәсілді әзірлеу және бекіту болжанып отыр.
  • Жобаны іске асырудың алғашқы алты айы ішінде Жоба шеңберінде озық халықаралық тәжірибеге негізделген кластерлерді дамыту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі жоспарларды дайындауға ҚИДИ–ға қолдау көрсетіледі.
  • Бұл іс-шаралар:
    • басқа үкіметтік және үкіметтік емес мекемелермен тиісті институционалдық құрылым мен жұмыс қарым-қатынасын белгілеуді ( ҚР ИДМ, ҰКП және жеке сектордағы өзге қауымдастықтар, жергілікті билік органдары, ғылыми-зерттеу институттарын қоса алғанда, бірақ мұнымен шектелмей); және
    • осы уақытқа дейін ҚИДИ мен Дүниежүзілік банктің командасы атқарған жұмысқа негізделген кластерлерді дамытуға қатысты техникалық тәсілді жетілдіруді (ДБ техникалық көмегі шеңберінде) қамтиды.
  • Бас атқарушы мекеме ретінде ҚИДИ–ға қосымша, институционалдық құрылым стратегиялық шешімдерді қабылдай алатын және кластерлерді дамыту бағдарламаларын енгізу процесінде туындайтын кез келген мәселелерді шешу үшін мүдделі тараптарды шақыра алатын ведомстволардың басшылығын қамтиды.
  • Техникалық тәсіл қазақстандық контексте қолданылатын озық халықаралық тәжірибені ұсынады. Бұл Малайзияны, Сингапурді, Чилиді, Бразилияны, Еуропалық одақ пен Испанияны қоса алғанда, бүкіл әлемдегі бәсекеге қабілетті өнеркәсіптік бастамалардың жетістігіне жетелейтін кілт болып есептелетін келесі қағидаттарды қамтиды. Табысты бәсекеге қабілетті өнеркәсіп салалары мен кластерлік бастамалар:
    • құнның құралу тізбегі мен салыстырмалы артықшылықтарды нақты түсінуге негізделген;
    • түпкілікті нарықтардағы бәсекеге қабілетті күштерді нақты түсінуге негізделген;
    • жеке сектормен, үкіметтің түрлі деңгейлерімен және өзге тиісті мекемелермен тығыз өзара ынтымақтастықты қамтиды;
    • жеке сектордағы «көшбасшылардың» табиғи жолмен пайда болуына ықпал етеді;
    • жеке сектордың қатысуымен күшті мониторинг пен бағалауға ие;
    • нарықтың дамуына сәйкес тәсілдерді өзгерту мен түзету жөніндегі жеткілікті иекемділікке ие;
    • осы бағдарламаларды іске асырудың анық мандаты бар және шешімдерді қабылдау процесіне тікелей қатысатын үкіметтік мекемелерде орналастырылған.

    3-Параграф. Тәсілдерді іске асыруға институционалдық қолдау

  • Жоба осы тараудың 2параграфында әзірленген тәсілді қолдану үшін, институционалды әлеуетке қолдау көрсетеді. Әлеуетті нығайтудың кешенді бес жылдық бағдарламасы және ҚИДИ институционалды дамыту арқылы тәсілдер әзірлеу, өңірлер мен кластерлердің басымдығын арттыру, оған: тәсілді жүзеге асыруға қажетті оқу, құралдар, әдіснамалар мен барлық аспектілер бойынша құжаттама кіреді, оған қоса:
    • индустрия мен талдау салаларының басымдықтарын белгілеу (қосымша құнды құру тізбегін талдауды, нарықты сегменттеу және нарық үдерістерінің талдауын, бизнесті қоршаған ортаның қалыпты жәй-күйін талдауды қоса алғанда);
    • мемлекеттік-жекешелікдиалог;
    • нақты өнеркәсіптік саясатты бақылау және бағалау (нақты деректер негізінде);
    • институционалдық құрылымды нығайту; және
    • басқарушылық ақпараттық жүйелер және енгізуге қолдау көрсету үшін өзге ІТ құралдары;
    • саясатты үйлестіруге және анықтауға арналған институционалдық құрылымдар, және олармен байланысты коммуникациялық стратегиялар;
    • мемлекеттік және жеке сектордағы басқа қатысушылар мен мүдделі тараптарға арналған оқыту мен семинарлар әлеуетін нығайту.
  • Осы кіші құрамдауышты жүзеге асыру үшін, қажеттілігіне байланысты, Аға техникалық жетекші позициясына халықаралық кеңесшіні, жаһанды сарапшыны жалдау қажет болуы мүмкін.
  • Аға техникалық жетекші нәтижелерге қол жеткізу саласында ЖІТ есеп беретін болады. ҚИДИ басшылығына есеп берудің және функционалдық міндеттердің егжей-тегжейлі сипаттамасы ЖІТ қолдауымен ҚИДИ әзірлейтін ТТ-да көрсетіледі. Техникалық тапсырма ДБ-мен келісілуі тиіс.

  • 4-параграф. Өнеркәсіптің бәсекеге қабілетті секторларына қатысты тәсілді іске асыруға қолдау көрсету

  • Кластерлерді дамыту тәсілі Қазақстан Республикасының өңірлерінде орналасқан үш саладағы алты кластерге қолданылады.
  • Жоба ҚИДИ мен осы кластерлердегі тәсілдерді іске асыруға тартылған басқа мекемелерге қолдау көрсетеді. Тәсіл төменде келтірілген 2- суретке ұқсас көп сатылы процесс арқылы іске асырылады деп болжанып отыр.

  • 2-сурет. Бәсекеге қабілетті секторларға ұсынылатын тәсілдің суреті
  • Енгізу кезінде қолдау көрсету:
    • толық жұмыс күні негізінде жұмыс орнындағы менторлығы;
    • осы Тараудың 3-параграфында қарастырылған талдамалық әдістер бойынша сарапшыларды қоса отырып, белгілі халықаралық сарапшы біліміне қол жеткізу. Қазақстандық өнім үшін нарық үдерісі мен бәсекеге қабілетті ортаны түсінетін индустрияның мақсатты секторларындағы тәсіл мен сарапшыларды жүзеге асыруға институционалдық қолдау көрсету ;
    • кластерлердің бәсекеге қабілеттілігі, оларды енгізуге мониторинг жасау және бағалау жөніндегі іс-қимылдар жоспарын әзірлеуге арналған сапарлар мен семинарлардың шығындарын қаржыландыру; және
    • кемінде алты мақсатты кластерде осы ұстанымды енгізуге қолдау көрсететін басшылықты, ұсынымдар мен АТ құралдарын ұсынуды қамтиды.
  • Іске асыру кезінде Жоба осы тәсілді іске асыруға қатысатын барлық мүдделі тараптардың әлеутін жоғарылатуға қолдау көрсетеді. Бұл жұмыс өңірлік дамуға, ШОК өсуіне және жұмыс орындарының құрылуына басты назарды аудара отырып, өнеркәсіп деңгейінде орындалады.
  • Кіші құрамдауыштың барлық іс-шаралары кластерлерді дамытуда халықаралық тәжірибесі бар жоғары білікті кеңесшілерді тарту арқылы Жобаның тұрақты техникалық көмек көрсету кезінде іске асырылады.
  • Кластерлік саясаттың фасилитаторларын қоса алғанда, Кластерлерді дамыту бағдарламасын іске асыру үшін ҚИДИ-да команда құру жоспарланып отыр.
  • Бұл штат ҚИДИ-ң штаттық саны шегінде қалыптастырылады және оның ішкі көздерінен қаржыландырылады, деп жоспарланады Команда ҚИДИ Басқармасы Төрағасының орынбасарына есеп береді.
  • Командаға осы құрамдауышта қарастырылған іс-шараларды іске асыруға ЖІТ қолдау көрсетеді. ҚИДИ командасы Жобаға қатысушы әріптес ретінде барлық іске асыру процесіне жауапты болып табылады.
  • Жоба шеңберінде тартылатын консультанттарға арналған техникалық тапсырманы ҚИДИ командасы әзірлейді. Осы техникалық тапсырмалар ДБ-мен келісіледі. Сондай-ақ ҚИДИ-ң өкілі қажет болған жағдайда өздері үшін сатып алынатын тендерлік комиссиялардың құрамына енгізіледі. ИДМ мен ҚИДИ өкілі ЖІК-ң құрамына кіреді.
  • Осы міндеттің іс-шараларын іске асыруға ҚИДИ-ң егжей-тегжейлі қатысу процесі ҚИДИ және Дүниежүзілік Банк әзірлейтін Кластер саясатын іске асыру жөніндегі Әдіснамада қарастырылады.
  • Жоба ҚИДИ-ға кластерлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде оқыту және іске асыру және операциялық шығыстар бойынша консультациялық қызметтерге қаржыландыруды ұсынады.
  • FaLang translation system by Faboba