«ШОК бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасының (бұдан әрі – Жоба) құрамында  3-Компонент «ШОК дамыту жөніндегі бағдарламалардың әсерін бағалау» бар. 3-Компоненттің мақсаты ШОК-ты дамыту саясаты мен бағдарламаларының құрылымын жетілдіруге, приоритизациялауға, ретке келтіруге және тиімділігіне ықпал ету болып табылады.

Осы Компоненттің міндеттерінің бірі қолданыстағы мемлекеттік саясатты бағалауда институционалдық интеграцияны қамтамасыз ету және аспап тақтасын әзірлеумен бағдарламалардың әсерін бағалауды қолдау болып табылады.

Осы Компонентті іске асыру аясында ҚР ҰЭМ мен LATTANZIO Monitoring and Evaluation Srl и LATTANZIO Advisory SpA БК(әрі қарай-Кеңесші) құрамында 2018 жылғы 26 маусымдағы № KZ/SMEC/QCBS-09 негізгі мүдделі тараптардың әлеуетін арттыру мақсатында ШОК қолдау және оқыту бағдарламаларының әсерін бағалауды жүргізу жөніндегі қызметтер көрсетуге келісімшарт жасалды (бұдан әрі-Келісімшарт).

Бұл Келісімшарт бойынша ҚР ҰЭМ шағын және орта кәсіпорындарды қолдау бағдарламаларының ықпалына бағалау жүргізу және негізгі мүдделі тараптардың әлеуетін арттыру мақсатында оқыту бойынша қызметтер көрсетуді қарастырады және оған мыналар жатады:

1) МжБ саласындағы әлеуетті бағалауды жүргізу және ШОК-ты қолдау мемлекеттік бағдарламаларының ықпалына мониторингті және бағалауды жүзеге асыратын тұлғалар оқыту;

2) ШОК бәсекеге қабілеттілігін дамыту жобасының әсерін бағалау үшін базистік/соңғы зерттеу жүргізу әдіснамасын (контрфактуалды әдістерді қоса алғанда), сондай-ақ ШОК қолдаудың екі мемлекеттік бағдарламасын бағалау әдіснамасын әзірлеу;

3) ШОК қолдаудың екі мемлекеттік бағдарламаларына – «БЖК – 2020» және Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасына бағалау жүргізу;

4) Жоба әсеріне бағалауды жүргізу.

Сонымен қатар, «БЖК-2020» және «Еңбек» бағдарламалары бойынша бағалау әр бағдарлама бойынша ҚР 4-5 аймағына барумен жүргізілетін болады.

Жұмыс қорытындысы бойынша Кеңесші ҰЭМ-ге жетілдіру бойынша мінездеме мен ұсынымдар әзірлейді және ұсынады:

1) мемлекеттік бағдарламаларды мониторингілеу және бағалау, оның ішінде тиісті нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;

2) екі бағаланатын мемлекеттік бағдарлама, оның ішінде келесі кезеңге арналған осы бағдарламалар бойынша тәсілдерді, механизмдерді, индикаторларды әзірлеу бөлігі бойынша.

Келісімшартқа сәйкес Кеңесші 2018 жылғы 10-21 қыркүйек аралығында «Нәтижелер негізінде мониторинг және бағалау жүйесі» тақырыбы бойынша тренинг өткізді. Курстың мазмұны онлайн сауалнама және телефондық сұхбат арқылы оқыту қажеттіліктеріне жүргізілген бағалау негізінде қалыптасты. Тренинг нәтижелері бойынша ШОК қолдау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға тартылған әр түрлі министрліктердің, ведомстволар мен ұйымдардың 17 қатысушысы курстан сәтті өту сертификатына ие болды (қатысқандар: ҰЭМ, ҰЭМ Статистика комитеті, ЕХӘҚМ, АШМ, Экономикалық зерттеулер институты, «Атамекен» ҰКП, Есеп комитеті, «ҚИДИ» АҚ, ДАМУ қоры, ҚазАгро Холдингі).

Кеңесші 2018 жылдың қараша айының соңында келісімшартты іске асыру бойынша 2-Кезеңді аяқтады, оның барысында 2018 жылдың қазан айында екінші апталық тренинг өткізілді, мемлекеттік бағдарламаларды бағалау және Жобаның әсерін бағалау бойынша Жоспарлар мен әдістемелер жобасы әзірленді, 2018 жылғы 11 желтоқсанда олардың презентациясы бойынша семинар өткізілді.

2019 жылғы 4 наурызда ҚР ҰЭМ мақұлдады:

1) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы» мен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» мемлекеттік бағдарламаларына бағалау жүргізу әдістемесін;

2) «ШОК бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасы (бұдан әрі - Жоба) бойынша базистік/соңғы/контрфактульды зерттеу жүргізу үшін әсерін бағалау әдістемесін;

3) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы» мен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» мемлекеттік бағдарламаларына бағалау жүргізу жоспарын.

Сонымен қатар, Келісімшартқа техникалық тапсырманың 4-Кезеңі бойынша жобаның әсерін бағалауды сапалы түпкілікті зерттеуді жүргізу мақсатында 2019 жылғы 25 сәуірдегі Келісімшартқа № 2 қосымша келісім қабылданды.

Қазіргі уақытта Кеңесші «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасына бағалау жүргізудің далалық фазасын аяқтады. Алдын ала бағалау нәтижелері 2019 жылғы шілдеде ұсынылады.

2019 жылғы 24 маусымда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын бағалау жүргізудің далалық фазасы басталады, ол 2019 жылғы тамыз айының соңында аяқталады.

2015 жылғы 20 шілдедегі № 8477-KZ Қарыз туралы келісімді («ШОК бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасы) іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және даму банкі арасында осы Келісімді ҚР ҰЭМ 2019 жылғы 5 наурыздағы № KZ/SMEC/QCBS-10 «Евроконсультантс С.А. – Қазақстандағы филиал» компаниясымен (бұдан әрі – Кеңесші) «Қазақстандағы шағын және орта кәсіпорындар секторы жағдайына ұлттық базистік зерттеу және 2050 жылға дейін ЖІӨ-дегі ШОК үлесін 50%-ға дейін ұлғайту мақсатында шағын және орта кәсіпорындарды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу» өткізу бойынша қызмет көрсетуге келісімшарт жасалды.

Келісімшартқа сәйкес Кеңесші ҰЭМ-ға келесі қызметтер көрсететін болады:

1) ШОК ұлттық базистік зерттеуді дайындау және Қазақстанда жеке секторды/ШОК дамытуды қолдау үшін оның егжей-тегжейлі әдіснамасын әзірлеу;

2) экономиканың кемінде 10 секторында ШОК ұлттық базистік зерттеуді жүзеге асыру;

3) ШОК секторын қоса алғанда, Қазақстан экономикасының жағдайына және оның даму серпініне талдау жасау, оның ішінде ұлттық базистік зерттеу жүргізу барысында алынған ақпарат негізінде талдау жүргізу;

4) 2050 жылға дейін ЖІӨ-дегі ШОК үлесін 50%-ға дейін ұлғайту мақсатында Қазақстанның ШОК секторын дамыту Концепциясын (бұдан әрі-Концепция) әзірлеу;

5) Концепцияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу.

 

Қазіргі уақытта ШОК Ұлттық базистік зерттеу жүргізу үшін Кеңесші экономиканың мынадай 10 секторын іріктеді және ҰЭМ-мен мақұлдады:

1) Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу;

2) Ауыл, орман және балық шаруашылығы;

3) Құрылыс;

4) Өңдеу өнеркәсібі;

5) Көлік және қоймалау;

6) Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет;

7) Кәсіби, ғылыми-техникалық қызмет;

8) Тұру және тамақтану бойынша қызметтер;

9) Білім;

10) Ақпарат және байланыс.

 

Сондай-ақ, ШОК Ұлттық базистік зерттеу әдістемесі мен жоспары әзірленіп, ҚР ҰЭМ-мен мақұлданды және 2019 жылғы 31 мамырда аталған жобаларды қарау және талқылау бойынша семинар өткізілді.

Всего опросы будут проведены 1535 МСП посредством 3-х видов: 1) индивидуальное интервью, 2) телефонное интервью, 3) интернет-анкета. Осы әдіснамаға сәйкес 31 страт бөлінеді (экономиканың 10 секторы*ШОК 3 түрі (орта, шағын және ЖК + шаруа және фермер қожалықтары) және кездейсоқ емес іріктеу жүргізіледі, сонымен қатар заңнамаға, әсіресе ЖК бойынша шектеулерге қатысты, байланыс деректерін алудың мүмкін еместігіне байланысты ыңғайлы іріктеу жүргізіледі. Барлық сауалнамалар 1535 ШОК қатысуымен 3 түр арқылы жүргізілетін болады: 1) жеке сұхбат, 2) телефондық сұхбат, 3) интернет-сауалнама.

Әзірленген сауалнама 67 сұрақтан тұрады, оның ішінде 10 жалпы сипаттағы сұрақтар. Өткізілген пилот осы сауалнаманы толтырудың орташа уақыты 20-дан 40 минутқа дейін екенін көрсетті.

Жоспар бойынша ерттеу жүргізу ағымдағы жылдың 24 маусымында басталады.

FaLang translation system by Faboba