Еуропалық сарапшылар Қазақстандағы ШОК секторының жағдайына Ұлттық Базистік Зерттеу нәтижелерін ұсынады

2020 жылғы 18 маусымда сағат 12.00-ден 13.30-ға дейін Қазақстандағы шағын және орта кәсіпорындар (ШОК) секторының жағдайына ұлттық базистік зерттеу қорытындысы бойынша Қорытынды Ұлттық Конференция Youtube платформасында келесі сілтеме бойынша онлайн форматта өтеді.

2019 жылдың 17 маусымы мен 13 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасының барлық аумағында Ұлттық базистік зерттеу жүргізілді. Қазақстан экономикасының негізгі 10 секторында өз қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпорындар бұл зерттеудің субъектілері болды. Ұлттық базистік зерттеу респонденттерге жеке сауалнама, сондай-ақ телефон арқылы және онлайн сауалнама жүргізу арқылы жүргізілді.

Жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша және жиналған нәтижелер негізінде Қазақстандағы ШОК жағдайына талдау жүргізілді және ЖІӨ-дегі ШОК үлесін 2050 жылға қарай 50%-ға дейін арттыру мақсатында ШОК дамыту Тұжырымдамасының жобасы әзірленді.

Конференцияға «Euroconsultants S.A» компаниясының сарапшылары, ШОК, мемлекеттік органдар, бизнес қауымдастықтар, даму институттарының өкілдері қатысады.

Тіркелу сілтеме арқылы қабылданады.
Конференция презентациясын сілтеме бойынша жүктеп алуға болады.


Анықтамалық ақпарат:

«Euroconsultants S.A – Branch of Kazakhstan» халықаралық консалтинг компаниясы Дүниежүзілік банк қаражатына іске асырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «ШОК бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасы шеңберінде «2050 жылға қарай ЖІӨ-дегі ШОК үлесін 50%-ға дейін арттыру мақсатында Қазақстандағы шағын және орта кәсіпорындар секторының жағдайына ұлттық базистік зерттеу жүргізу және шағын және орта кәсіпорындарды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу бойынша қызметтер көрсетуді» орындаушы болып табылады.

Жоба мақсаттары:

1. Қазақстандағы ШОК жағдайына Ұлттық базистік зерттеу жүргізу
2. ЖІӨ-дегі ШОК үлесін 2050 жылға қарай 50%-ға дейін ұлғайту үшін зерттеу Қорытындысы бойынша ШОК дамыту Тұжырымдамасын әзірлеу.

Қосымша ақпарат: 

Асем Сапарова – Жоба ассистенті
Моб: +7 702 218 81 16, E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..


Онлайн конференция бағдарламасы

Күні:

18 маусым

Орны:

Онлайн конференция/ сілтеме бойынша кіру: https://www.youtube.com/watch?v=KK6UIxCoCbg&feature=youtu.be

Тақырыбы:

2050 жылға қарай ЖІӨ-дегі ШОК үлесін 50%-ға дейін арттыру мақсатында Қазақстанның ШОК дамыту тұжырымдамасын және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу

Конференция кестесі:

12:00 – 12:05 Ахметов Чингиз, Министрдің кеңесшісі, ҚР ҰЭМ 

 

12:05 – 12:10 Кіріспе – Григорис Контзоглоу, Топтың қазіргі жетекшісі

 

12:10 – 12:25 «Ұлттық базистік зерттеу деректерін талдау» - Ботагоз Туреханова, Негізгі сарапшы

 

12:25 – 12:35 «ҚР шағын және орта кәсіпкерлік дамуының ағымдағы жағдайын талдау» – Гульнара Давлетьярова, Негізгі сарапшы

 

12:35 – 12:45 «ҚР шарттарына бейімделуі мүмкін ЖІӨ-дегі ШОК үлесін ұлғайту тұрғысы жағынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың халықаралық тәжірибесіне шолу» - Константин Карабанов, Негізгі сарапшы

 

12:45 – 12:55 «Қазақстан экономикасы мен ШОК секторының 2050 жылға дейінгі даму болжамдары мен сценарийлері» - Жаныбек Айгазин, Негізгі сарапшы

 

12:55 – 13:05 «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саясатын жетілдіру бағыттары және ҚР ШОК дамыту тұжырымдамасын іске асыру механизмдері» - Константин Карабанов, Негізгі сарапшы

 

13.05 – 13.155 «ҚР ШОК даму Тұжырымдамасын іске асыру кезеңдері және Тұжырымдаманы іске асыруға қажетті нормативтік құқықтық актілер мен бағдарламалық құжаттар тізбесі» - Гульнара Давлетьярова, Негізгі сарапшы

 

13:15 – 13:30 Жобаның орындау нәтижелерін талқылау

 

13.30 – 13.35 Түйін


FaLang translation system by Faboba